Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ММА лигасының басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласына: "Қазақтар - ақырына дейін баратын..."

alashainasy.kz

ММА лигасының басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласына: Қазақтар - ақырына дейін баратын...

Fight Nights Global промоутерлік компаниясының басшысы Камил Гаджиев UFC-де өнер көрсететін америкалық Белал Мухаммадтың қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен бас тартуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Гаджиев америкалық файтердің Шавкаттың аудиториясы аз деген сөзімен келіспеді.

"Белал Мухаммад Шавкатпен айқастан бас тартты. Рахмоновқа қарсы шығудан мен де бас тартар едім. Ол өте мықты, ал Белал былай дейді: Ол жігіт мықты, бірақ аудиториясы аз". Бұл жерде онымен келіспеймін. Қазақтар - ММА әлеміндегі ақырына дейін баратын ең ашынған жанкүйерлер.

Бір ғана мысал: Ресейде қазақстандық файтер қатысқан жекпе-жек болды. Айқасты YouTube -тен әдеттегіден үш есе көп адам көрген. "Матч ТВ-дан" тамашалау қолайсыз болған шығар, YouTube-ке кіріпті. Қаншама коммент, өздерінің спортшыларын қалай сүйетінін көрсеңіз - ММА әлемінде ең белсенді елдердің бірі", - дейді Гаджиев YouTube арнасындағы шолуда.

Гаджиев Рахмоновпен жекпе-жек Белал үшін карьерасындағы ең үлкен айқас болуы ықтимал екенін айтты.

"Белал егер Шавкатпен жекпе-жекке шығып жатсаң, оны көретіндер саны керемет көп болады. Сенің кез келген жекпе-жегіңнен еселеп асып түседі", - деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар