Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аргентиналық ойынша Франция чемпионатының 30-турында «Ницца» командасымен өткен матчта (2:0) гол соқты. Бұл Лионель Мессидің Еуропадағы клубтық деңгейдегі 702-голы еді. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш жөнінен қазіргі кезде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналдудан (701) асып түсті. Месси бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізді. Месси «ПСЖ» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген. Биыл барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Еуропадағы мықты командалардың бірі – Данияны қалай жеңгенін жазған болатынбыз. Данияны жеңген Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингіде көтерілді.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 наурыз 2026
17 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар