Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Тобыл» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңілді

alashainasy.kz

«Тобыл» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңілді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Бұған дейін қостанайлық клуб үш мәрте жеңіп, бір мәрте тең түсті.

Ал елордалық команда үш мәрте қарсыластарынан басым түсіп, бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өтетіні белгілі еді. Ойын басынан командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де қос команданың белсенділігі байқалды. Ойынның 70-минутында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 0:1 есебімен есе жіберді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар