Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді

alashainasy.kz

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді

БАӘ-нің жаңа чемпионы, 26 жастағы қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Кaz.nur.kz тілшісі Milliyet түрік сайтына сілтеме жасап жазды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Сабинаның байлығы 4,7 миллион долларға (қазіргі бағам бойынша 2,1 миллиард теңге) бағаланған. Әлемдегі ең бай волейболшылар тізімінде Алтынбекова 11-ші орында.

Тізімм жасау барысында клубтардан түскен қаражат, демеушілік табыстар мен жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция ескерілгені айтылған.

Әлемдегі ең бай 10 волейболшылардың тізімі төмендегідей:

10. Саманта Брисио (Мексика) – 4,7 миллион доллар

9. Бренда Кастильо (Доминикан Республикасы) – 6 миллион доллар

8. Фабиана Клаудино (Бразилия) – 6,9 миллион доллар

7. Ким Ен-Кун (Оңтүстік Корея) – 7 миллион доллар

6. Юлия Герасимова (Украина) – 7 миллион доллар

5. Паола Эгону (Италия) – 7,3 миллион доллар

4. Таиса Паллези (Бразилия) – 7,7 миллион доллар

3. Габриэла Гимараес (Бразилия) – 8,8 миллион доллар

2. Жаклин Карвальо (Бразилия) – 9,1 миллион доллар

1. Шейла Кастро (Бразилия) – 12 миллион доллар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар