Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Шахтер» Қазақстан кубогының ширек финалына шықты

baq.kz

 «Шахтер» Қазақстан кубогының ширек финалына шықты

Қазақстан кубогының 1/8 финалының қарымта ойындары кеше және бүгінге белгіленген.

Алғашқы кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады.

Екі команда арасындағы бірінші ойында қарағандылық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан жарысты жалғастыратын команда бүгінгі кездесуде анықталуы мүмкін еді.

Командалар ойын басынан шабуылға көшті. Қарағандылық клуб 32-минутқа дейін үш гол соғып кетті.

Алдымен 6-минутта Тимур Чогадзе есеп ашса, одан кейін Юрий Перцух 12, Иван Свиридов 15-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал 32-минутта көкшетаулық Алексей Татаев автогол авторы атанса, 93-минутта Айдос Тәттібаев қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ кеше «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Атырау» - «Ақтөбе» шеберлік байқасты.

Ал бүгін «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау), «Ақжайық» (Орал) пен «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар