Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыр халде жатқан «Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды

ktk.kz

Ауыр халде жатқан «Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды

«Біздің ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отыратын болады» деп жазды клубтың баспасөз қызметі. Клубтың шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалындағы «Қайрат» – «Атырау» матчына билет сатудан түскен бүкіл қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады. Еске сала кетейік, матч кезінде ауыр жарақат алған «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиевке ота жасалғанын хабарлаған болатынбыз. Кеше Алматының орталық стадионында өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчында Арсен Буранчиев допқа таласқан сәтте ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. «Қазіргі уақытта Арсен реанимацияда жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Футболшыға дәрігерлер мұқият қарап жатыр» деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2023