Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді. Б.Фрухвиртова – негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған теннисшінің бірі. Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцеваның рейтингте 88-сатыдағы бельгиялық Марина Заневскаямен кортқа шығатыны жеребе тартылған кезде-ақ белгілі болған-ды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 қазан 2023
4 қазан 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар