Қазақстандық теннисші Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 9 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен таласады.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 тамыз 2026