Еуро-2024: Роналду соққан гол Португалияға жеңіс сыйлады
Португалия құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінде Исландияны ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
J тобындағы кездесу Рейкьявик қаласында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші жалғыз голды 89-минутта Криштиану Роналду салды. 81-минуттан бастап Виллюм Тор Виллюмсон шеттеліп, алаң қожайындары азшылықта ойнағанын айта кетейік.
J тобындағы командалар көрсеткіші: Португалия (12 ұпай), Словакия (10), Люксембург (7), Босния (3), Исландия (3), Лихтенштейн (0).
8 қыркүйекте Босния - Лихтенштейн, Люксембург - Исландия, Словакия - Португалия матчтері өтеді.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қыркүйек 2026