Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (16-0) өзінің UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі sports.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC on ESPN 49 турнирінде америкалық файтер Тайсон Нэмге қарсы (21-13-1) шықты.
Бұл ең жеңіл салмақтағы өткен кездесу болатын және ол үш раундқа есептелді.
Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Азат Мақсұм жеңіске жетті.
Осылайша, ол ММА-дегі кәсіби мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-ге алғаш рет шығып, сәтті өнер көрсетті.
Тайсон Нэм болса осымен 14-ші рет жеңіліске ұшырады. Ол UFC-де 8-ші жекпе-жегін өткізді. Оның 3-інде жеңіске жетсе, қалған 5-уінде жеңіліс тапты.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 10
-
- Тамыз, 09
-
-
- Тамыз, 08
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026