Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

turkistan.today

Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездесуден кейін әлемдік рейтингтегі орны жаңарды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.7 қыркүйекте құрамамыз финдерді қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.Ал кеше, 10 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан 8,70 ұпайға иелік етіп, 1 206,94 ұпайға қол жеткізді. Сол арқылы құрамамыз 104-сатыдан 101-орынға көтерілді. Алғашқы жүздікті қорытындылап тұрған Беларусьтен 0,997 ұпайға қалып келеміз.Айта кетейік, бұл рейтингте Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде құрамамыз кестеде 86-орынға көтерілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар