Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЕУРО-2024: Англия құрамасы финалға жолдама алды

kaz.365info.kz

ЕУРО-2024: Англия құрамасы финалға жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші команда анықталды. Еуропа чемпионатының жартылай финалы аясында Англия мен Нидерланды құрамасы кездесу өткізіп, финалға жолдама алу үшін таласты. Ойынның 7-минутында Нидерланды құрамасы жылдам гол соғып, есепте алға шықты. Хави Симонс нидерландықтарды алға шығарғанымен 18-минутта Харри Кейн пенальтиден есепті теңестірді. Екінші таймның соңына қарай, 90+1-минутта Олли Уоткинс жеңіс голын соғып, Англия құрамасының екінші рет финалға шығуына көмектесті. Олар осыдан төрт жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Италиядан ұтылып қалған еді. Енді Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасына қарсы ойнайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2024