Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылар қай спорт түрінен сайысқа түседі?
2 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен — стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан жарысқа қатысады. Стендтік ату 12:30. Скит. Ерлер. Іріктеу. Эдуард Ещенко Академиялық есу 12:54. М1Х. Финал Е. Владислав Яковлев Дзюдо 13:00 (Іріктеу), 19:00 (Финал). 78 келіден жоғары. Әйелдер. Кәмила Берліқаш 13:15. Биіктікке секіру. Іріктеу. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева Суға жүзу 14:00 (Іріктеу), 00:00 (Жартылай финал). Баттерфляй. 100 метр. Ерлер. Әділбек Мусин Семсерлесу 16:30 (Іріктеу), 18:50 (Жартылай финал), 22:30 (3-орын), 23:30 (Финал). Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов Бокс 20:22. ¼ финал. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай — М.Аллахвердиев (Әзербайжан) 23:32. 1/8 финал. Әйелдер. 57 келі. Карина Ибрагимова — А.Лозада (Пуэрто-Рико) 00:20. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов — Х.Дусматов (Өзбекстан) Батут гимнастикасы 21:00 (Іріктеу), 22:50 (Финал). Ерлер. Данил Мұсабаев. Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2024