Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдос Сметов өзі жайында фильм түсіре ме?

newsroom.kz

Елдос Сметов өзі жайында фильм түсіре ме?

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы фильм түсірілуі мүмкін. Бұл туралы дзюдошы «Қазақстан» ұлттық арнасына берген сұқбатында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл фильм жастарды салауатты өмір салтына, спортқа бауитыны анық. Бала Елдостың Олимпиада чемпионы болу туралы арманынан бастап, әлемдік додада көк туды желбіреткенге дейінгі жолы, күнделіктті өмірі мен жаттығуы толық көрсетіледі. Фильмнің негізгі түсірілімі қашан басталатыны белгісіз.

Сондай-ақ Елдос Сметов өз сұқбатында келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты.

«Егер жақсы көріп тұрсам, осы нәрсе қолымнан келіп тұрса ел абыройын асыруға, тағы да көк туды желбіретуге, Әнұранды ойнатып жіберуге, мүмкін тағы бір тарихи жеңіс болып кетеді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы болып кетем деген сияқты бір ой туындады да өзім бұл спортты жақсы көргеннен кейін мен шешім қабылдадым. Мен Лос-Анджелеске дайындаламын», – деді Елдос Сметов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024