Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындығын бастады
Бұл жөнінде қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Алдағы жекпе-жекке Қазақстанда дайындалуға тура келді. Оны ұйымдастырушы - аустриялықтар. Жекпе-жекке Қазақстанда дайындалып жатырмыз. Біздің әрқашан айтып жүргеніміз - тарих. Тарих жасаймыз. Орта жолға келдік. Артқа қайтатын жол жоқ. Басқа салмаққа ауысатын мүмкіндіктер болды. Қазір осы салмақта қалып, төрт белбеуді жинап, әлемде Qazaq style-ді тарихта қалдырамыз», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өткен аптада Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген үміткер Андрей Михайловичпен жекпе-жекті өткізу құқығы үшін No Limit boxing компаниясымен сауда-саттықтан ұтылды.
Жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Алайда Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектен 11 сағат бұрын ауруханаға жатқызылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024