Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді
Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған. Сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
7 қараша 2024