Қазақстан әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогының жүлдесіне ие болды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды. Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті. Аталған дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша, Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025