Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық клубтар УЕФА тарапынан қомақты қаржыға ие болды

sport12.kz

Қазақстандық клубтар УЕФА тарапынан қомақты қаржыға ие болды

УЕФА халықаралық футболға ойыншыларын жібергені үшін қазақстандық клубтарға 2,3 миллион еуродан астам қаржы төледі, деп хабарлайды Sport12.kz.

УЕФА бағдарламасына сәйкес, 2020-2024 жылдар аралығында халықаралық футболға ойыншыларын жіберген ұйымға мүше 55 елдің барлық 901 клубына жалпы көлемі 233 миллион еуро үлестірілді.

Оның ішінде қазақстандық клубтар аталған соманың 2 308 829 еуросына ие болды. Бұл төлемдер отандық командаларға 2020-2024 жылдар арылығында Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі мен Ұлттар лигасына ойыншыларын жібергені үшін берілді. Сонымен қатар, клубтарымыз легионерлері өз құрамасының намысын қорғағаны үшін де қосымша табыс тапты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2025