Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚПЛ: Мамыр айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

sport12.kz

ҚПЛ: Мамыр айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы мамыр айының үздік ойыншысы мен үздік бапкерін жариялайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболдан Қазақстан кәсіби лигасының хабарлауынша, мамыр айының үздік футболшысы болып Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев танылды. 

Ал айдың үздік бапкері атағын «Оқжетпес» жаттықтырушысы Андрей Ферапонтов иеленді.

Сәуір айында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев Премьер-лигада бес матчқа қатысып, төрт гол соқты.

Андрей Ферапонтов жетекшілігіндегі «Оқжетпес» мамыр айында бес ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Осы кезеңде команда қарсылас қақпасына 11 гол соқты. «Оқжетпес» әсіресе сырт алаңда «Елімай» мен «Қайрат» клубтарынан басым түсіп, сенсация жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар