Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

sport12.kz

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Белгілі хоккейші Талғат Жайлауов астаналық «Номад» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кейінгі жылдары бапкерлікке бет бұрған ол қазірге дейін клуб жүйесінде түрлі қызмет атқарды. Өткен әлем чемпионатында Талғат Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабына кірді. 

Оған Константин Пушкарёв, қақпашылар бапкері Александр Кудрявцев, жалпы дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы Сергей Левданский көмектеседі.

«Номад» 12 шілдеде медициналық тексеруден өткеннен кейін оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Талғат Жайлауов 1985 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Өз мансабында «Қазцинк-Торпедо», «Барыс», «Номад», «Сарыарқа» клубтарында ойнады.

Ұлттық құрама сапында ұзақ жылдар бойы еліміздің намысын қорғады. 

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар