19 жастағы қазақ шахматшысы әлем кубогының 1/8 финалына жолдама алды

2025 жылы шахматтан әйелдер арасындағы әлем кубогында 19 жастағы Меруерт Камалиденова (рейтингі — 2330) үздік 16 ойыншының қатарына кірді. Турнирдің үшінші айналымында ол ресейлік 16 жастағы халықаралық гроссмейстер Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен ұтты. Алғашқы партия тең аяқталса, екінші ойында Меруерт жеңіске жетті.
Келесі қарсыласы үндістандық 24 жастағы гроссмейстер Рамешбабу Вайшали (2481) мен америкалық 21 жастағы халықаралық шебер Карисса Йиптің (2431) арасындағы кездесуден кейін анықталады. Қазірше бұл жұптың екі партиясы да тең аяқталды.
Әйелдер арасындағы әлем кубогы Грузияның Батуми қаласында өтіп жатыр. Турнир 28 шілдеде аяқталады. Жарыс нокаут жүйесі бойынша өтеді: әр жұп екі классикалық партия ойнап, егер есеп тең болса, жеңімпаз тай-брейкте анықталады.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 14
-
-
- Шілде, 13
-
- Шілде, 11
-
-
-
-
- Шілде, 10
-
-
-
- Шілде, 09
-
-
- Шілде, 08
-
-
- Шілде, 07
-
-
-
- Шілде, 05
-
Күнделікті жаңалықтар
15 шілде 2025