Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан семсерлесушілері командалық сайыста қола медаль иеленді

kaz.365info.kz

Қазақстан семсерлесушілері командалық сайыста қола медаль иеленді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді. Бүгін семсерлесуден ұлттық құрама Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасын жеңді.

Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

Мемлекет басшысының отандық спортқа шетелдік мамандарды тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында осы жылдан бастап семсерлесуден ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрамаларда беделді бапкерлер мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Туризм және спорт министрлігі отандық спортқа халықаралық тәжірибені енгізу, ел спортшыларының біліктілігін арттыру, жүлде көрсеткішін жақсарту және спорт саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар