Алматыға «Реал Мадрид» клубының негізгі құрамы келді

Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын қарсы алды. Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.
«Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді», – деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі.
Испаниялық футбол клубы Алматыға келгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алайда ұзақ жолдан футболшылардың қатты шаршап қалғанын байқауға болады. Ойыншыларды қазақстандық жанкүйерлер де қатты күтті. Олардың арасында көбі бала. Олар ұшақ қонғанға дейін әуежайдың алдында кумирлерін сарыла күткен.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 30
-
-
-
- Қыркүйек, 29
-
-
-
- Қыркүйек, 26
-
-
-
- Қыркүйек, 25
-
-
-
- Қыркүйек, 24
-
-
-
- Қыркүйек, 23
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2025