Асхат Тағыберген арманына жететін болды
Қызылордалық «Қайсар» команда құрамына тәжірибелі ойыншыларды қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жақында жекеге өткен команда Қызылорда футболының түлегі Асхат Тағыбергенді қайта шақыруды көздейді. Қазір «Тобыл» сапында ойнайтын жартылай қорғаушы бұдан бұрын өз мансабын қызылордалық клубта аяқтағысы келетін айтқан еді. Осылайша ол «Қайсарға» бес жылдан кейін оралуға мүмкіндік туып отыр. Ол аталған ұжымда 2008-2012, 2018-2020 жылдары ойын көрсеткен еді. Сондай-ақ Асхат өз мансабында «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.
2014-2025 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 65 кездесуде 4 голдың авторы атанды.
- Соңғы
- Танымал
-
- Қараша, 07
-
-
-
-
- Қараша, 05
-
-
-
-
-
- Қараша, 04
-
-
-
-
- Қараша, 03
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қараша 2025