Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан допинг табылды
Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан VADA ұйымы допинг-тестінен тыйым салынған мельдоний затын анықтаған. Дәл осы себепті Жәнібектің алдағы кубалық Эрисланди Лара арасындағы біріккен чемпиондық жекпе-жек ресми түрде өтпейтіні белгілі болды. Бұл мәліметті бокс саласының бас инсайдері, журналист Дэн Рафаэль мәлімдеді.
«Маған Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінің көшірмесін алуға мүмкіндік туды. Орта салмақтың біріккен чемпионының қанынаны мельдоний табылған. Осыған байланысты оның Лараға қарсы сенбіге жоспарланған жекпе-жегі өтпейді. PBC қазір Лараға жаңа қарсылас іздеуде. Бұл тест жайлы бірінші болып The Ring хабарлаған», – деп жазды Дэн Рафаэль әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы жағдайға байланысты 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді деп жоспарланған WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараға қарсы маңызды жекпе-жек өтпейді. Ақпарат шыққаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады.
«Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Бұл жаңалық мені таңғалдырды. VADA бірінші сынамадан өтіп, бәрі таза екенін айтқан. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші сынамада не болғанын білмеймін, сондықтан қайта тексеруді сұраттым», – деді Жәнібек Әлімханұлы.
- Соңғы
- Танымал
-
-
-
-
- Желтоқсан, 02
-
-
-
-
- Желтоқсан, 01
-
-
-
-
-
- Қараша, 28
-
-
-
-
- Қараша, 27
-
Күнделікті жаңалықтар
3 желтоқсан 2025