Алматыда автокөлік полиция бекетін соқты

Алматыда автокөлік полиция бекетін соқты

ktk.kz

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Жол көлік оқиғасы сәуірдің 4-нен 5-не қараған түні болған деп хабарланды.
«Алматы әуежайына баратын Бұқтырма көшесінде экологиялық посттың тұғырына  Тойота Карина Е көлігі соғылған. 34 жастағы жүргізуші көлік рөлінен айрылып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесі бұл істі тексеріп жатыр.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: