2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

ktk.kz

2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды. «Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.
Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған. Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз:

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: