Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 мамырда Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның барлық қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
22 қыркүйек 2026
22 қыркүйек 2026