Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде клиенттің көлігін ұрлаған слесарь ұсталды

inform.kz

Өскеменде клиенттің көлігін ұрлаған слесарь ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бөтеннің көлігін айдап кеткен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полицейлер қыркүйек айының басында ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігіне ұқсас көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші көлік құралын басқаруға рұқсат беретін құжаттарды көрсете алмаған. Тәртіп сақшылары қосымша тергеу үшін оны полиция бөліміне жеткізді. «Анықталғандай, ер адам өзі слесарь болып жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станциясындағы клиенттің көлігін ұрлап кеткен. Аталған көлік Глубокое ауданындағы кәсіпорынның балансында болып шықты», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024