Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аяқты аспанға көтерме

bilimdiler.kz

Аяқты аспанға көтерме

Салт - дәстүр сөйлейді Аяқты аспанға көтерме Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі болып, Тәңірі алдына барғанда оларды ерекше жазалайды. Екеуінің аяғын аспаннан келтіріп, салбыратын іліп қояды. Уа, Тәңірім, неге бізді бұлайша жазаладың? – дегенде, Тәңірі тағала: Сендер үнемі аяқты көкке қаратып жататын едіңдер. Бұл мен үшін жағымсыз қылық деп талай рет ескерттім де. Құлақ аспадыңдар. Енді осы әдепсіз қылықтарың үшін қиямет - қайымға дейін тұрасыңдар, - дейді. Осыдан бастап ел арасында аяқты көкке көтеріп жатуға болмайды деген тыйым таралыпты. Көкке аяқ созсаң, Тәңірі шамданады деп сенеді. «Аяғы аспаннан келді»
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024