Перуде екі мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
Перуде археологтар екі мың жыл бұрын жасалған мысықтың алып суретін тапты. Геоглифтің ұзындығы 37 метрге жетеді. Ол Наска үстіртіндегі реставрация жұмыстары кезінде табылған.Эрозия кесірінен суретке жойылып кету қаупі төніп тұр. Геоглиф Паракас мәдениетіне жатады. Ол кездегі суреттердің көбінде мысықтар бейнеленетін. Бұған дейін осы өңірде адамдар, жануарлар мен геометриялық фигуралардың өзге де алып суреттері табылған. Наска геоглифтері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 тамыз 2026
17 тамыз 2026