Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әй, күйгелек досым-ай

bilimdiler.kz

Әй, күйгелек досым-ай

Әй, күйгелек досым - ай! (ФБдағы бір досыма жұбату) Әй, күйгелек досым - ай, Көңіліңнің босын - ай. Сүйретіліп өмірде, Жеткен жерің осы ма - ай?! Білем, Жаның кектенді, Созылмасын көпке енді. Өткен қалсын өткенде, Ұмыт реніш - өкпеңді. Ренжи беріп өмірге, Дерт қондырдың көңілге. Өмір - шайқас алаңы, Берілме де, жеңілме. Көрген күнім осы,- деп, Көңіліңнің қошы жоқ. Біл: Дүние жарытпас, Адамзаттың досы боп. Бақтың білмей бағасын, Кімге кінə тағасың? Жараланса жас жаның, Әлі - ақ емдеп жазасың! Бұл өмірге жылап кеп, Жан берерсің бір - ақ рет. Сабырға кел, бауырым, Бәрі - бәрі сынақ тек. Дүниесі бар болсын, Көз жасыңа зар болсын. Бір - ақ тілек: Өзіңе, Аллам өзі жар болсын! Санжар Ғұлама
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024