Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

turkystan.kz

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк атындағы адамзат тарихы институтының зерттеушілері оның бассүйегін зерттеді. Зерттеу қорытындысы Nature Ecology and Evolution журналында жарияланған мақалада жазылған, деп хабарлайды Lenta.ru. Зерттеу көрсеткендей, әйел Африкадан Еуропаға қоныс аударған Homo Sapiens-тің бірінші тобына жатады. Неандертальдықтар оның бесінші немесе алтыншы буындағы ата-бабалары болған деп болжанып отыр. Мұндай болжамның жасалуына ғалымдардың оның геномынан үздіксіз неандертальдық ДНҚ-ның ұзын жолақтарын табуы себеп болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024