Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Намаздың мұстахап уақыттары

bilimdiler.kz

Намаздың мұстахап уақыттары

Уақытыңды басқарНамаздың мұстахап уақыттарыНамаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындалуы мен хадистерінде белгіленген.Олар:Таң намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені мұның суабы өте үлкен».Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазын уақыты кіре сала оқу – мұстахап. Әнәс (р. а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда салқын түскенге дейін кешіктіретін».Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім берекетте».Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай деген: «Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Түннің ақырына дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адамболса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі намаз – періштелер қатысатын намаз».жиған - тергенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024