Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізі

bilimdiler.kz

Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізі

Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізіАрал – Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығы, 1938 жылдан облысқа бағынышты қала. Қала аты Арал теңізі атынан қойылған.Арал теңізі – Өзбекстан және Қарақалпақ жерлерімен шеттес. Жалпы алабы 51, 1 мың км2, ең терең жері 61 м болған тарихитеңіздің бұл күнде құрғап, жоғалуға айналғаны жер жүзіне белгілі болып отыр. Сырдария мен Әмудария суларының соңғы жылдары көбеюімен байланысты су тасқындарды арнасына құйылу үстінде. Осыған қарағанда, басқа да ұйымдастыру жұмыстарының істеліп жатқанын ескергенде, болашақта Арал теңізінің арнасы толып, қалпына келуі мүмкін деген үміт пен сенім халықты қуанта түсуде.Тарихи жазба ескеркіштерінде біздің біздің заманымыздың ІІІ ғасырына дейін ол Оксин көлі аталған.Клавдий Птолемей «Альмагестаның» 22 - ші картасында Арал және Каспий теңіздерін көрсетеді. Жаңа дәуірден 138 жыл бұрын Қытай империясының елшісі Чжан - кянь: «Кангюй мемлекеті үлкен теңіздің жағасында. Бұл түстіктегі Арал теңізі», - деп жазған. Бұл дәуірде Кангюй мемлекеті қазіргі Ферғана облысынан Ауғанстанға дейінгі жерді иемденгені тарихтан мәлім.Арал теңізі болса, ол кезде көне Сармат көлінің тармағы еді. Кайназой дәуірінде Арал теңізінің Каспий теңізімен жалғасып жатқаны да тарихи деректерде айтылған. Бұрын Әмудария (Оксус) өзені Каспий теңізіне құйған болса, Сырдария өзені Арал теңізіне құйған. Арал теңізінің бірнеше атауға ие болғанын түрлі елдердің саяхатшыларының жазбаларынан кездестіреміз. Арабия саяхатшылары Ибн - Хордадбектің мәлімдеуіне қарағанда, Арал теңізі 865 жылы Курдер аталса, Әс - Масуди өзінің 943 жылғы еңбегінде оны Куржани деп көрсеткен. Әл - Истархи 961 жылы оны Казбин, Әл - Хафизи 1339 жылы Абруда, Бекрон ХІІІ ғасырда Женут деп жазған.Көптеген зерттеушілер арал сөзін орал - алтай тілі бірлестігіне жатқызады. А. К. Матвеев венгер тіліндегі ар / ер – «су ағысы, тасқын» десе, Е. И. Рамбандеева оның манси тіліне тән ара – «өзен» деге сөз екенін айтады.Ар компонентті топонимдер түркі тілінің көбінде бар. Өзб. орал, шор. аргы – «арал», «өзеннің иіні, түбегі», тув. арыг – «жайылымдардағы ағаштар», як. арал – «өзен алабы», хак. арал – «өзен қолтығы, ағысы».Бұл тілдердің көбінде ол топонимдер жеке атау, өзен аттары ретінде де айтылады. Қаз. Арал (теңіз), башқ. ар – Танап өзенінің сол жақ тармағы: Эри – Буй өзенінің тармағы, Эрйылға – Усен өзенінің сол жақ тармағы. Якут тілінде Арыы – «арал», Улу Арыы – «үлкен арал», Уон Арыы – «он арал».Қорыта келгенде, арал сөзінің негізі, тура мағынасы – «су, өзен, бұлақ, көл», «арал, өзен, көл аралы» дегендер қосымша, ауыспалы, екінші мағына. Ал қазақ тіліндегі Арал атауының тура мағынасында қолданылып келгенін, «көл», «теңіз» сөздерінің кейінгі дәуірлерінде, көл аумағының ұлғаюымен байланысты қосылған үстеме мағына екенін байқаймыз.Қызылорда өңірінде осы теңіз атына қойылған қала бар (1938 жылдан облысқа бағынышты), Арал ауданының орталығы. Теміржол стансасы, «Аралтұз» өндірістік бірлестігі жұмыс істейді. Оренбург - 2 – Ташкент темір жолын 1985 ж. салумен байланысты кеме жөндеу, жасау зауыты дүниеге келген.әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024