Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазынасының бәрін к мген": Қостанайдың қақ ортасынан жер асты жолы табылды

turkystan.kz

Қазынасының бәрін к мген: Қостанайдың қақ ортасынан жер асты жолы табылды

Қала орталығында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен айналысып жатқан қостанайлық экс­­каваторшы жер қазу кезінде 2,5-3 метр тереңдікте көміліп жатқан кірпіштен қаланған ескі жерасты жолын тауып алды деп хабарлады turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап. Тоннельдің биік­тігі жүрелеп отырған адам сы­ятындай ғана. Іші жартылай топыраққа толып, кірпіш қа­бырғасына ыс жабысып қалған. Куәгерлердің бірі бұрын мұнда металл құятын цех бол­ған шығар деп жорамалдаса, енді бірі Кеңес өкіметінің ал­ғашқы жылдары мұнда жыл­қы тұратын шаруашылық ғи­ма­раттары, одан кейін жөн­деу зауыты болғанын айтады. Соң­ғы жылдары бұл ашық алаң­­қай автотұрақ ретінде пай­даланылып келген. Осылайша, қала орталығынан ескі бір тарихи нысан табылып отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024