Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні

bilimdiler.kz

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні 1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады. Неге басқа емес, дәл 1 маусым күнінің таңдалғандығы жайында нақты мәлімет жоқ. Деректердің бірі 1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ - тағы бас консулы Сан - Франциско қаласында «Айдаһар - қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған екен деседі. Женевада өткен конференция да 1 маусымда өткен. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайын 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтерді. Осыған орай, келесі жылы 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Енді бір ресми деректерде Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы ”Балалардың әл - ауқаты халықаралық бірлігі” ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтті делінеді. 1954 жылы 20 қарашада БҰҰ - ның Бас Ассамблеясында Рубаб Мансурдың тарапынан балалар күнін атап өту бастамасы айтылады. Бұл бастама Бас Ассамблея қолдауымен БҰҰ - ға мүше елдерге ұсынылған. Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларын қорғау күні 16 маусымға белгіленген. Бақытты балалақ шақ сценарий қарау Сәлем жарқын жаз сценарийін қарау 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық "Жаздың хикаялары" 1 маусым - Балаларды қорғау күніне тақпақтар 1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024