Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айға белгісіз зымыран соғылды: Жерде зымыранның кімге тиесілі екенін ешкім мойындамаған

alashainasy.kz

Айға белгісіз зымыран соғылды: Жерде зымыранның кімге тиесілі екенін ешкім мойындамаған

4 наурызда NASA 2015 жылдан бері бақылап келген зымыран Айға соғылды. Әзірге зымыранның қайдан ұшырылғаны белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап. Болжам бойынша, зымыран 2014 жылғы Қытай Ай миссиясымен байланысты болуы мүмкін. Алайда Қытай зымыранның "Жер атмосферасына сәтті кіріп, жанып кеткенін" мәлімдеген. Ғарыштағы нысандарды бақылауға арналған бағдарламаны жасап шыққан строном Билл Грей зымыранның траекториясын бірінші болып байқаған. Бастапқыда ол АҚШ-тың ғарыштағы климаттық обсерваториясын ұшырған SpaceX Falcon немесе DSCOVR ғарыш зымыранының бір бөлігіне ұқсастырған. Бірақ кейін өзінің қателескенін мәлімдеген. Астрономның сөзінше, нысан – қытайлық "Чанчжэн-3С" зымыранының үшінші бөлігі. Сонымен қатар ол Қытай зымыран ұшырғанын хабарлап, мұны теледидар арқылы көрсеткенімен, зымыранның бағытын жарияламайтынын қосып өтті. Зымыран Айға соғылған соң 18 және 16 метр болатын екі кратер пайда болған. Олар бірге шамамен 28 метр болатын шұңғыма түзеді. "Бұл зымыранның шеті ауыр болғанын көрсетеді. Әдетте, бос зымыранның салмағы тек қозғалтқышында болады, ал өзге орында тек бос жанармай багы орналасады", - делінген NASA хабарламасында. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024