Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жұмыстары жалғасуда

almaty-akshamy.kz

Алматыда жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу  жұмыстары жалғасуда

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Алматыда жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Биыл 342 үй талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды, оның ішінде Қайрат шағын ауданында - 317 және Әлмерек шағын ауданында – 25 үй. 2022 жылдың соңына дейін 25 мыңға жуық халық тұратын Баум тоғайы, Нижняя Пятилетка шағын аудандарын қосу жоспарланған»,- деді қала әкімі. Ерболат Досаевтың айтуынша, жолдар мен адам көп жиналатын жерлерді бейнебақылау жүйесімен көптеп қамту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. «Биыл жолдардағы Сергек аппараттық-бағдарламалық кешендерінің саны 2 есе, яғни 82-ден 160-қа дейін көбейтіледі (желілік учаскелерде 141 аппаратық-бағдарламалық кешен, қиылыстарда 19).Қосымша 322 бейнебақылау камерасы орнатылады, оның 111-і жол қиылыстарына, 76-сы аулаларға, 18-і парктер мен скверлерге, 90-ы білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне, 15-і діни объектілерге, 10-ы базарларға орнатылады»,- деді қала жетекшісі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024