Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен...

bilimdiler.kz

Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен...

Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен...Ертеде тау елін жайлаған Шөмекей елі жұтка ұшырап, қатты күйзеліпті. Елдің жағдайын көріп қиналған Қарадос шешен көршілес қарақалпақ елінің биі Маманға барып, бидай сұрамақ болып жолға шығады. Бұлар келгенде Маман би ауыл ақсақалдарымен бірге төбе басында әңгімелесіп отыр екен. Қарадос Маман бимен қол алысып амандасып, шетке отырады. Маман бидің қонақтармен жұмысы болмай, әңгімесін айта отырып, арасында жігіттеріне дауыстап қояды. Сусын көтеріп екі жігіт келеді. Жігіттің бірі сусынды Қарадосқа ұсына бергенде: - Тарт сусыныңды, біз шөлдеп келгеніміз жоқ, қона жатып сөйлескелі келдік. Қонақ күте білетін ел деп келдік. Ағаңның үйі - ақ жайлау, жеңгенің үйі - жаз жайлау. Өз үйіміз деп, басып ішеміз бе десек, төбенің басына тасып ішетін болдық па? - деп Қарадос Маман биге қарайды. Сөзден тосылған Маман би қонақтарды үйіне шақырады. Үйге келген соң: - Ақсақал өзіңіз қарттыкпен калайсыз? - дейді Қарадос үйге кіріп - шығып жүрген жас әйелді аңғарып қалып. - Әй, бала бұл не дегенің? Жақсының жасын сұраушы ма еді, тұлпардың аузын ашып тісін көруші ме еді, - деп Маман би сөзін жалғастырады, - Қырықта осы елдің қырғиы едім, елуде ел перісі болдым, алпыста бөрісі болдым, жетпісте жел перісімін, сексенде серісімін, тоқсанда торғайдай шырылдаймын, жүзде де алғанымның көңілін қалдырмайын, - дейді. Сонда Қарадос күліп: - Бұл халықтан шыққан мақал емес қой. Жас жеңгейдің көңілін жықпай айттыңыз - ау. Болмаса қырық - қылау, елу - ер жігітке бел емес пе? Жетпісте отыз омыртқа бүгілмей ме? Сексен - сергелдең, тоқсан - жоқ сан емес пе? Жүзге ешкім келмейді, қарға қонбай ма басыңа? - дейді. - Өзіңдей ініге олжа салып едім. Жұдырықтай қара бала, өкшелеп ізімнен қалмадың ғой. Тарпиын ба, қарпиын ба? - дейді Маман би ашуланып. - Ақсақал бұл айтып отырғаныңыз түйенің әдісі ғой. Мен адамның әдісінен жығылып көрген жан емеспін. Тарпысаң тақырға өскен темір тікенмін табаныңа кіріп, аяғыңды ақсатармын, қарпысаң улы шөппін, басыңды қақсатармын, - деп жауап береді Қарадос. - Үш жүзді туғанда анасы үш түрлі нәрсеге жерік болған екен. Ұлы жүзді көтергенде малға жерік болыпты. Орта жүзді көтергенде балға жерік болыпты, Кіші жүзді көтергенде, бөрінің бауырына жерік болыпты. Сен бала, бастан аяқ сөздің найзасын түйреп айтасың ғой, - депті Маман би. Сонда әзір отырған Қарадос: - Әкем ақылды кісі еді. "Елді есі кеткен жамандайды", "Жүзден жүзді кеміткеннің жүзі қара" дейтін. Жүзің қара би екенсің. Аузы үлкен, қарны үлкен қой семірсе - көтерер; қарны кіші, аузы үлкен ит семірсе - құтырар. Саған сөздің майдасын беріп, маған найзасын берсе, амал қанша, түйрейін бе отырған жеріңде?! - дейді. Сөзден тосылған Маман би айыбын жуып - шаймақ болып: - Жақсы көрген кісіңнің жұмысын келгеннен сұра, кеткенше бітір. Жек көрген кісінің жұмысын кетерде сұра, бітсе кетер, бітпесе нетер деген. Мен сені тәуір көріп қалдым. Жұмысың болса айта отыр, - дейді. - Бөтен жұмыс жоқ, кеусен сұрай жүр едік, - дейді Қарадос. Сол жолы Маман би Қарадостың жетегіндегі нарларға астық артып жөнелткен екен. Келер жылы Маман би бидайдың бодауына киіз алмақ болып, Қарадостың ауылына барады. Үйге кіріп, амандық - саулық сұрасқан соң: - Ал, шырағым Қарадос отыңның басын көріп, бала - шағаңның жағдайын білейін деп келіп едім, сонымен бірге көрген түсім бар еді. Түсіңді жақсы көрген адамыңа жорыт немесе ғалымға жорыт деген. Мен түсімді өзіңе жорытқалы келдім. Сексен бес үйім бар екен, сексен басына қарлығаш ұялаған екен. Көзімді ашсам сексен қарлығаштан бір қарлығаш та қалмапты, - дейді Маман. Сонда Қарадос: - Бұл түсіңіз бардың жоритын түсі екен. Мен өзім қонақасы беруге жарағанмен, мұндай түсті жоруға шамам келмейді. Сансызбайға жорытыңыз, - дейді. Қошқарлы руынан шыққан Сансызбай әрі бай, әрі сақы болған екен. Қарадос Маман биді ертіп Сансызбайдың ауылына келеді. Сансызбайға Маман бидің түсін айтып береді. Сонда Сансызбай езу тартып күліп: - Бұл келініңіз Айымның жоритын түсі екен, - деп шай құйып отырған әйелі Айымға карайды. - Қайнағаңның түсін кеткенінше жорып кой. Маман би қона жатып қонақасын жеп, енді аттанарда Айым: - Қайнағаның сескен бес үйі тозып, сексен қарлығаш ұяласа, бір қарлығаш тұрмайтын болған ғой. Бір сары атанға он сегіз өре киіз артып койдым. Ала кетіңіз, - депті. Маман би серіктерін ертіп қыр асқан соң қосшысына: - Түсті келіннің өзі жорыды ма? Болмаса Сансызбай айтып жорытты ма? Сынай кетейік. Сен барып келінге сәлем айт. Орамалы ак екен; дастарқаны қоңыр екен де. Осыған қайтарған жауабынан өзі жорыған - жорымағанын білеміз, - депті. Сонда Айым Маман бидің қосшысына: - Қайнағаға сіз де сәлем айтыңыз. Орамалым ақ болса, тазалығым шығар, дастарқаным қоңыр болса, мырзалығым шығар, - депті. Маман би қосшысын қайта жіберіп: - Келінге сәлем айт, келер көктемде адам жіберсін. Келген қонағына сусын бол атын жиырма қашар айдатамын, - депті. Сонда Бөрі тау еліндегі қазақтардың сиырының тұкымы сол Маман бидің Сансызбайға берген сиырларынан тарады деген сөз бар.әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024