Шетелден әкелінген көлікке халықаралық іздеу жарияланса не істеу керек

inform.kz

Шетелден әкелінген көлікке халықаралық іздеу жарияланса не істеу керек

«Кейінгі жылдары ұрланған көлікті заңды тіркелген ұқсас көліктің «сыңары» етіп сату белең алып тұр. Дау туындаған көліктің агрегат деректері өзгертілмеген болса және ол деректердің түпнұсқа екені дәлелдейтін мүмкіндіктер болса, көлік заңды жолмен есепке алынған болса, соның ішінде кеден органдарының есебіне тіркелген болса, қазақстандық иесі сотқа мүлік иесін анықтау үшін Азаматтық кодекстің 7-бабының 3-тармақшасы бойынша жүгіне алады. Жиналған материалдар көліке іздеу жариялаған тарапқа жолданады. Соның негізінде ол тарап аталған көлікті халықаралық криминалдық есептен алып тастауы керек. Іздеу салушы тарап ол сұранымды орындамаса, көліктің қазақстандық иесі Минск конвенциясының 1-бабы бойынша сотқа шағым түсіре алады», - деп түсіндірді жедел уәкіл. Сондай-ақ ол көлік сатып алу кезінде қандай мәселелерге мән беріп қарау керектігін айтты. «Көлік иелеріне мынаны ескерткім келеді. Ел аумағында басқа мемлекеттің тіркеу нөмірі бар көлік сатып алу және пайдалану арқылы сіз түрлі қылмыстық схемалардың құрбаны болып, салдарынан қымбатқа алған мүлкіңізден айрылып қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдай болмау үшін шетелдік көлік сатып алған кезде бірден сол мемлекеттің тіркеу есебінен шығарып, Қазақстанға бүкіл кедендік нормаларды сақтай отырып әкелген дұрыс», - деді Құдияр Нұрсейітов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 ақпан 2023