Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

SpaceX Пентагоннан Украинадағы Starlink қызметін қаржыландыруды сұрады

azattyq.org

SpaceX Пентагоннан Украинадағы Starlink қызметін қаржыландыруды сұрады

Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы АҚШ қорғаныс министрлігінен Starlink'тің Украинадағы спутниктік интернет-терминалдарын қаржыландыруды сұрады. Бұл жөнінде CNN жазды.Журналистердің мәліметінше, қыркүйекте SpaceX Пентогонға ескерту-хат жолдап, Starlink'тің Украинадағы қызметтерін қаржыландыра алмайтынын хабарлаған. Компания Пентагоннан жобаны қаржыландыруды өтінген. SpaceX есебінше, жыл соңына дейін бұған 120 млн доллар жұмсалады, ал келесі жылы оны қаржыландыруға 400 млн доллар қажет болады.CNN'нің жазуынша, Пентагонға жіберілген құжаттар арасында Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужный атынан Илон Маскқа жазылған хат та болған. Онда хат иесі SpaceX'тан тағы 8 мың интернет-терминалмен қамтамасыз етуді сұраған."SpaceX компаниясы алдында күрмеуі қиын шешім тұр. Компанияның генерал Залужный талап еткендей қосымша терминалдармен немесе қызметпен қамтамасыз етуге қаржылық мүмкіндігі бар деп ойламаймын" деп жазылған SpaceX сыртқы кеңесшісінің қосымша хатында.Мұндай хаттар Starlink спутниктерінің жұмысында ақау пайда болғаны жайлы хабар тараған шақта жарияланып отыр. Қазан айында Financial Times басылымы Украинаның Херсон және Запорожье облыстарында интернетпен мәселе туындағанын жазған. Басылымның жазуынша, соның салдарынан майданда байланыс болмай қалған. Бірнеше күннен соң ақау жойылған.Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін SpaceX Украинаға Starlink'тің спутник интернеттеріне қосылуға мүмкіндік берген. УНИАН-ның жазуынша, мұндай терминалдар майдандағы украин бөлімшелерін байланыспен қамтамасыз етіп отырған жалғыз құрал. Украина барлығы шамамен 20 мың спутник терминалы берілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024