Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Барлығы да студенттер игілігі үшін

bilimdiler.kz

Барлығы да студенттер игілігі үшін

Барлығы да студенттер игілігі үшін Өткен жылдың 8 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаевтың студент жастармен кездесуінде білім алушылар өмірінде қордаланып қалған көптеген түйінді мәселелер көтерілген еді. Өзара өткен ашық әңгіме барысында күрделі жөндеу көрмеген ескі жатақханалардың сын төзгісіз жағдайы, су және жылыту жүйелерінің тозғаны, ас дайындау, душ кабиналары мен киім жуатын бөлмелердің жетіспейтіні, теледидар мен мұздатқыштардың жоқтығы айтылған еді. «Біз барлығы да тек студенттер игілігі үшін деген нақты мақсатпен жұмыс істейміз. Осы мақсат аясында студенттердің жанайқайын ескере отырып, университеттің ішкі шығыстарынан үнемделген қаржыға 176 дана мұздатқыш сатып алып, жатақханаларға бөліп берудеміз. Алдағы күндері тапсырыстың екінші бөлігі де жеткізімек. Сондай - ақ, осы жылдың соңына дейін «ҚазҰАЗУ Эндаумент» қорының қолдауымен 2 жатақхананы күрделі жөндеуден, басқа жатақханаларды ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы. Ректордың айтуы бойынша, мұздатқыштарға жұмсалған қосымша қаражат көзі сырттан келген жоқ, ол университеттегі басқару аппараты мен қызмет көрсету персоналын айтарлықтай қысқарту, жалға берілген ғимараттардың жалдау құнын (нарықтық бағаға сәйкес 2 - 3 есеге) ұлғайту шаралары арқылы жинақталды. Бөлмелеріне жаңа мұздатқыштар жеткізіліп, қуанышқа бөленген білім алушы өрендер мен қыздар өз уәдесін орындаған университет басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді. ҚазҰАЗУ - да негізінен ауылдық жерлерден келген жастар оқиды, көпшілігі тұрмысы төмен отбасынан шыққандар. Сондықтан, студенттердің алаңсыз білім алуы мен өмір сүруі үшін тиісті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы қадамдар жалғаса бермек. Бұл ретте оқу процесінде және жатақханалардағы Студенттердің өзін - өзі басқару жүйесі қалыптастырылып күшейтілмек. ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024