Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Наурыз

bilimdiler.kz

Наурыз

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,Жылына бір рет келер бұл мерекеӘкелсін дастарханға құт - береке!Бұл күні теңеледі күн менен түнҚұлаққа естіледі жағымды үнӘкелсін тек қуаныш НаурызымызБас аман, болсын бүтін бауырымыз!Бұл күні қырғын - шайқас тоқтатылғанБір - біріне жақсы тілек айтылғанБұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»Жоқ оған ешкімнің де таласыҚанға сіңген қонақжайлық қасиетКісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» - депДастархан жайып, жарқын жүзбененКүткен екен шын көңілмен, ақ ниет.Сары майын қарынға салып баптаған,Жал - жаясын түтінге салып қақтаған«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» - депБар тәттісін кейін қойып, сақтаған.«Наурыз көже» маңдайларын жібіткен,Даладай дархан, көңілдері неткен кең!Бұл күннің қасиетті саналуы,Самарқанның көк тасын да еріткен.Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланыБесіктегі жылаған, тербетеді баланыКездейсоқта көзі түскен адамдарғаДарытып дәулет, басына бақ қондырады.Уақыт ғана бізге әділ таразыТаусылмасын бұл өмірдің базарыТүссін бізге Қыдыр ата назарыҚазағымның жұлдызы әлі жанады.Жақсылықтың жаршысы – Қыдыр ата,Беріңіз бар қазаққа мықты бата.Заманымыз тыныш болып, Қазақстан,Жеңістерге жете берсін, әрбір таң!Көктемді қанатына ілестіргенПейілін Адамзаттың кеңіттіргенТойлары дөңгеленген дүниенің,Ұзағынан болсын деп, сүйінемін!Ұстаз: Гульнар Хабаева
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024