Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жерасты дүмпулерінің жарты жыл жалғасатын түрі бар

almaty-akshamy.kz

Жерасты дүмпулерінің жарты жыл жалғасатын түрі бар

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. 7 наурызда Түркияның Хатай, Кахраманмараш және Кайсери провинцияларында үш жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Түркияның шығысындағы Малатия провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды. Жер асты дүмпулері 05:13 кезінде 8 км тереңдікте тіркелген. Бұған дейін сағат 04:34-те магнитудасы 4,7 балдық 10 км тереңдіктегі жер сілкінісі тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Пютурге ауданында болды. Бұған қоса Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында да магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хасса аймағында болған. Ақпан айында болған жер сілкіністерінің Түркияға келтірген шығыны 100 млрд доллардан асуы мүмкін. Түрік полициясы ғимараттары жер сілкінісіне төзімді болуы тиіс құрылыс мердігерлерін тергеу аясында 269 күдіктіні ұстады. Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 48 мыңға жуық адамның өмірін қиды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024