Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

12 сәуір – Ғарыш күні

bilimdiler.kz

12 сәуір – Ғарыш күні

Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.

Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып әртүрлі Ашықхаттар әзірленді.

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ, ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубәкіров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.

1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулiк 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкерi атанды.

Қазақ тарихында үшінші ғарышкердің есімі алтын әріппен жазылды. Оның аты – Айдын Айымбетов. Халықаралық экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка және даниялық астронавт Андреас Могенсен болды.

Айдын Айымбетов сегіз күн ішінде толықтай жоспарды орындап, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Каспий теңізі айлағы мен Арал көлі маңының экологиялық ахуалын зерттеу тапсырылған болатын. Тапсырылған жұмысын толықтай орындады.

Ғарыш туралы қандай қызықтар білесіз, бөлісіңіз, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024