Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті

bilimdiler.kz

Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті

Тіл тарихы:

Грек тілі және алфавиті

Үркер жұлдыз ғайып болып аспаннан,

Ақ сәулесі сөніп қалды Айдың да.

Түн ортасы. Аяқталды кездесу.

Жалғыз қалдым қап - қараңғы айдында.

Бұл – осыдан 2600 жыл бұрын грек тілінде жазылған өлеңнің еркін аудармасы. Грек тіліндегі мәтіннен «мен» деген сөздің әйел адамды меңзеп тұрғаны айқын білінеді. Өлең авторы – Сапфо есімді ақын қыз. Ол ежелгі гректердің көптеген шағын мемлекеттері ішіндегі тәуелсіз Лесбос аралында өмір сүрген.

Өлең жолдарында тіл күнделікті өмірде аса мән беріле бермейтін дүниелерді сипаттау құралы ретінде пайдаланылған. Яғни ол аңға шығу, арық қазу, салық жинау немесе билеушілер мен Құдайларға сый - құрмет көрсету туралы емес. Мәтінде адамның ішкі дүниесі мен сезімдері сипатталады. Бұл өлең – Батыс мәдениетіндегі алғашқы лирикалық шығармалардың бірі.

Кітап поэзия туралы емес, тілдер мен тарих арасындағы байланыс жайында баяндайды. Алайда гректердің тарихын танып - білудің кілті – олардың әдеби тілінде. Гректер мысырлықтар, қытайлар және көптеген кейінгі мәдени орталықтар сияқты әуелі империя құрып, содан кейін тілдің мәртебесін нығайтып, мәдениетін дамытқан жоқ. Керісінше, гректердің әдеибеті, философиясы және өнері бірқатар империялар қарқынды дамығанға дейін пайда болды.

Грек тілінің ғажайып тарихы Гомердің эпикалық дастандарынан басталады және грек алфавитінің ойлап табылуына байланысты кейінгі ұрпаққа жеткен деседі. Алфавит семит жазуы үлгісі бойынша жасалған. Сапфо өмір сүрген уақыттан 200 жыл бұрын пайда болған ол жазуды ақын қыз жақсы білген.

Грек алфавиті ағылшын тілі қолданып жүрген латын алфавитіне өте ұқсас. Шынын айтсақ, латын алфавиті грек алфавитінің негізінде жасалған; ұқсастықтары бірден байқалады. Ал мынау – грекалфавиті бойынша жазылған өлеңнің латын алфавитімен ұсынылған нұсқасы:

deduke men a selanna

kai pleiades. mesai de

nuktes7 para d’ erkhet’ ora.

ego de moma kateudo.

Алфавиттік жазудың бір артықшылығы – өлең ырғағын айшықтап тұратынында. Грек тілін білмейтін адамның өзі өлеңнің бірінші жолы сегіз буыннан құралғанын байқайды. Кейінгі жолдарда да солай. Әр жолдың екінші, бесінші және жетінші буындары айшықталып тұр. Дәл осы ырғақ жоғарыдағы аударма өлеңде қайталанады.

Грек және латын алфавиттерінің ұқсастығы көп екенін байқаймыз. Көптеген әріптері бірдей, мәселен, Т, М және N әріптері. Ал көп жағдайда таңбаларымен ерекшеленеді. Мәселен, D, G әріптерінің белгілері. І, Е, А және О дауысты дыбыстарының таңбалары латын алфавитіндегідей және грек тілінде (о бастан) латын, испан және итальян тілдеріндегідей айтылады. Өзге ұлт өкілдерінің пікірі бойынша, аталған әріптердің ағылшын тілінде айтылуы өзгеше және ағылшын тілінің өзгеріске ұшырауына әсер етеді - міс. Дегенмен грек және латын алфавиттерінің арасында бірқатар айырмашылық бар. Бірақ олар аса маңызды емес.

Грек жәе латын алфавиттерінің ұқсастығын жоғарыда көрсетілгендей, бас әріптердің қолданылуынан бақауға болады. Олар әріптердің негізгі түпнұсқалық формаларын білдіреді. Математиктер мен басқа да ғалымдар ағылшын мәтіндерінде кейде грек алфавитінің кіші әріптерін қолданады.

Осылайша гректер ауызекі тілдің мағынасымен бірге дыбысталуын да көрсететін жазуға ие болды. Оқырман сөздегі дыбыстардың ретін оңай ажырата білуі үшін жазушылар шығармаларды өздерінің жеке сөйлеу стилі бойынша жаза бастады. Иероглифтер мен қытай жазуы да, ежелгі грек мәтіндерінде жиі қолданылған «Б сызықтық жазу» буындық жүйесі де мұндай ережеге бағынбайды. Оның үстіне, алфавит жазуын меңгеру алдыңғы жүйелерге қарағанда, оңайырақ болды. Әсіресе бастапқы кезеңдерде. Сол себепті жазба тілді маман - бітікшілердің шағын тобы ғана емес, қалың халық та пайдаланды.

Екі аспектінің де өзіндік маңызы бар, алайда халықтың оқу мен жазуды жаппай үйренуі әлдеқайда маңыздырақ болды. Тұрғындарының шағын ғана бөлігі меңгергеніне қарамастан, бұған дейінгі мәдениеттермен салыстырсақ, грек мәдениеті хатқа түсіріліп отырды, гректерде жазба тіл үстемдік құрды. Алғашқы ұзақ мәтіндер – Гомердің атақты «Илиада» және «Одиссея» дастандары. Олар б. з. д. 700 жылдары жазылған деседі. Артынша жазудың тағы бірнеше түрі пайда болды. VII ғасырда өмір сүрген Сапфо бастаған ақындар көбінесе лирикалық жырлар жазды. Сондай - ақ заңнамалар, ресми жазбалар және құлпытас жазулары сынды әкімшілік емесе ресми мәтіндер де баршылық.

Шамамен осы кезеңде гректер ғылыми және философиялық еңбектер де жаза бастады. Ертеректе Батыс Азия мен Мысырдың озық мәдениеттері грек мәдениетінің дамуына зор ықпал етті. Бұл жағдай еуроцетристік идеяға қайшы келіп, ХІХ ғасырдың ортасында ғана гүлдене бастаған Еуропа мәдениеті мұны ұзақ жылдар бойы мүлде мойындамай келді. Десек те грек халқы мәдениеттегі ізашарларынан асып түсті. Уақыт өте келе, бұрын болмаған ерен жетістіктерге қол жеткізді. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген Платон мен Аристотель сынды авторлардың шығармалары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Жұрт оларды әлі де оқиды. Мұндай атақ - дәрежеге Конфуций тәрізді ежелгі қытай ойшылдары ғана ие.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024