Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күй аңызы: Қос келіншек

bilimdiler.kz

Күй аңызы: Қос келіншек

Күй аңызы: Қос келіншек Бір бай өзінің екі ұлына елдегі қыздардан түгелдей таңдап жүріп, баламның теңі осы болар - ау деген екі қызды келін қылып түсіреді. Байдың қос келіні де байдың өзі дәрежелес дәулетті адамдардың қыздары болады. Жасынан өмір тауқыметін көрмеген қос келіннің дене бітімі, жүріс - тұрысы, мінез - құлқы да бір - бірінен аумайды, бір қалыпқа соққандай, бір анадан туып, бірдей тәрбие алған адамның баласындай болып сәйкеседі. Қос келін қимыл - әрекетімен, ашық - жарқындығымен байдың салтанатын толықтырып сәніне сән, абыройына атақ қосады. Қос келінді көрген әркім - ақ таңдай қағып тамсанады. Ауызынан суы құрып мақтап қызығады, сүйсіне қарайды. Бір - бірінен бөлінбестей ұқсас қос келінді таңдап тапқан байдың тапқыштығына дән риза болады. Дүйім елдің назарын аударған қос келін боз - балалардың да жүрегіне шоқ тастап, сезімін қытықтайды. Ашына болуды армандап алдарынан тосады. Қос келінге деген ынта - зары ауған боз - балалардың сонда да жолы болмайды. Күндіз жолығып тіл қатудың орайы келгенімен, түнде жолығудың сәті түспейді. Сезімнің ыстық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бөтен қолдың созылып, жат құшақтың ашылуына күдіктенген бай қабаған ит ұстайды. Қабаған ит есіктердің құлыбы, келіндердің күзетшісі іспетті болады. Күндіз атты кісіні аттатпайтын иттер түнде ауыл маңына ешкімді де жолатпайды. Қос келіншекке созған қолы жетпеген жігіттер олардың сұлулығын мақтап және оларға деген арман сағынышын білдіріп «Қос келіншек» күйін шығарыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024