Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Халық емі: Асқазан қышқылын жалбыз басады

bilimdiler.kz

Халық емі: Асқазан қышқылын жалбыз басады

Халық емі: Асқазан қышқылын жалбыз басады Бірнеше жылдан бері асқазаным ауырады. Соның салдарынан тамақ жей алмайтын кездерім де болады. Сондайда мен емге бұрыш жалбызды (мята перечная) бірнеше емдік шөптермен араластырып пайдаланамын. Жақсы көмектеседі. Өзім білетін осы рецепті газет оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдім. Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты сүбеденің (вахта трехлистная) жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салып, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп бір күнде тауысу керек. Дәріханаларда аталған шөптердің барлығы да бар. Сондықтан оны дайындау түк те қиын емес. Жүрек тұсы шаншыса, асқазан мен ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы көмектеседі. Бұл өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері де бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024