Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады

inform.kz

 Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады

Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тоғжұманов мәлім етті. «Біз жол-көлік оқиғаларын жасаған, ереже бұзған адамдардың жас ерекшелігіне талдау жасаймыз. Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін көп бұзады. Ереже бұзу салдары ауыр зардаптарға әкеп соғып жатады. Оның ішінде ерлер де, әйелдер де бар», - деп жауап берді Бауыржан Тоғжұманов. Сонымен бірге ол жыл басынан бері елорда аумағында 110 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапқанын айтты. Бұған қоса, 123 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024